Posted  by  admin

Шпаргалку По Аналитической Химии

  1. Шпаргалки По Аналитической Химии Скачать Бесплатно
  2. Шпаргалки По Аналитической Химии
  3. Шпаргалки К Экзамену По Аналитической Химии

Читать ответы на вопросы online по теме 'Шпоры по аналитической химии '. Раздел: Химия, Химия. Химия скачать. Все книги можно скачать бесплатно и без регистрации. Верховский, Я.Л. Неорганическая химия связана с другими разделами химии – аналитической.

Германий топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы. Топшалардағы элементтердің барлығы үлкен периодтың элементтері, олардың сыртқы екінші қабатында 18 электрон бар. Міне, соның салдарынан олардың қасиеттері негізгі топтың бастапқы элементтеріне қарағанда металдық қасиет біліне бастайды. Осы өзгешелік селен топшасында нашарлау болса, күшән топшасында одан күштірек, германий топшасында әжептәуір айқын көрінеді.

Топшалардағы элементтердің қасиеттерінің өзгерісі, периодтық жүйенің жалпы заңына сәйкес, топ ішінде жоғарыдан төмен, топтар арсында оңнан солға қарай металдық қасиет өсіп отыр. Осы айтылғанға сәйкес, германий топшасындағы элементтердің электрон қосып алып реакцияласуға бейімділігі нашар, мысалы көміртек пен кремний сияқты сутекті қосылыстар түзгенмен, ол қосылыстар тұрақсыз.

Ал электрон беріп реакцияласуы оңайырақ, әрі германийдан қорғасынға қарай жеңілдей береді. Сондықтан германийда металдық қасиет пен бейметалдық қасиет бірдейге жақын, қалайыда, әсіресе қорғасында металдық қасиет басым. Қалайы мен қорғасын физикалық қасиеттері жағынан нағыз металдар, тек химиялық қосылыстарында ғана өте нашар бейметалдық қасиет көрсетеді. Германийдай элемент болу керек екендігін 1871 жылы Д.И.Менделеев периодтық заңды ашқанда болжаған болатын. 1885 жылы Винклер германийді ашып соның растығын анықтады. Жер қыртысындағы германийдің жалпы мөлшері, қорғасын мөлшерінен кем емес, бірақ бұл бытыраңқы элемент болғандықтан жиналыңқы кендер түзбейді.

Германий басқа элементтердің кендерінде аралас өте аз мөлшерде – германит 6CuSGeS2 және аргиродит 4Ag2SGeS2 минералдары түрінде кездеседі. Германийді тас көмірлердің күлінен, түтін, мұржалар тозаңынан, мырыш және темір кендерінен ажыратып алады. Ол үшін германийді ұшқыш қосылыс, хлоридке GeCl4 айналдырады, хлорид айдау арқылы тазартылып, одан гидролиздендіріліп диоксидке GeO2 аударылады, диоксидті сутекпен тотықсыздандырып таза германий алады. Аса таза германий алу үшін жаңағы германийді балқытып одан германийдің монокристалын өсіріп шығарады. Германий күмістей ақ металл, өте морт сыңғыш. Қыздырғанда да онша тотықпайды.

Шпаргалку По Аналитической Химии

Қышқылдардан күкірт және азот қышқылдары тотықтырады, ал сілтілерде ерып кетеді. Оттекпен, галогендермен жоғары температурада ғана реакцияласады. Германий қазіргі заманда ерекше маңызды элемент, ол шала өткізгіштер жасауда таптырмайтын өте қажет зат болады, кейбір құймаларға да араластырылады. Екі валентті германийдің қосылыстары тұрақсыз, төрт валенттіге оңай ауады Германий екі валентті оксиді GeO – қара түсті ұнтақ, тұрақсыз.

Германий гидроксиді Ge(OH)2 ерімтал, амфотерлі зат, қышқылдығы сәл басым, оны былай алады: GeCl2+2KOH=Ge(OH)2+2KCl Төрт валентті германийдің қосылыстары. Германийдің диоксиді GeO2 – кристалдық ақ түсті зат. Германий қышқылы тұрақсыз. Скачать шаблоны powerpoint. Тұздарын германат деп атайды. Германий галогендермен, мысалы германий тетрахлориді GeCl4, күкіртпен дисульфидін GeS2 түзеді. Ванадий топшасы. Ванадий топшасына ванадий, ниобий және тантал кіреді.

Русскоязычные ключи и частоты спутниковых каналов на 2017

Скандий және титан топшасы сияқты ванадий топшасындағы металдар үлкен периодтардың жұп қатарларының элементтері. Бұл қосымша (V-B) топтағы металдардың негізгі топтағы элементтермен ұқсастығы жоғарғы валентті қосылыстарында, бұлардың сыртқы қабатындағы электрон саны (1-2) болғандықтан металдық қасиеттері басым.

Бұлардың төмен валентті қосылыстары негіздік қасиеті болады да, жоғары валентті қосылыстары, мысалы, оксидтері қышқылдық, өйткені оларға сәйкес қышқылдар және тұздар бар. Топ бойымен жоғарыдан төмен қарай, қышқылдықтан амфотерліге қарай өзгереді, демек металдық қасиет күшейеді. Бұл үш металдың үшеуі де өте маңызды металл болғандықтан алу технологиясы қиын болғанымен, оларды бос жеке күйде алуға тырысады. Үшеуін де таза түрде алюминотермия жолымен алуға болады: 3Э2O5 + 10 Al=5Al2O3+6Э алюминийдің орнына кальций, не магний алса тотықсыздану процесі жақсырақ өтеді. Ванадий, ниобий және тантал жылтыраған сұр түсті металдар. Таза күйінде түрлі химиялық әрекеттерге берік, әсіресе ниобий мен тантал қышқылдарда да және олардың қоспаларында да ерімейді. Бұл металдардың атомдық және иондық радиустарына қарасақ ниобий мен танталдікі бірдей, ол әрине лантаноидтық жиырылудың салдары.

Бұл металдардың физика-химтялық қасиеттері олардың таза болуына өте тәуелді. Айталық сутек, диоттек, азот, көміртек араласса, олардың беріктігін, иілгіштігін төмендетеді, қаттылығын өсіреді. Ванадий, ниобий және тантал диоттек, галогендер, азот, көміртек, сутек және басқалармен реакцияласады. Бірақ бұлардың белсендігі – жоғары температурада ғана білінеді, өйткені мұндай жағдайда, бұларды пассивтендіріп тұрған, сыртын қаптаушы оксид қабыршағы бұзылады.

Акт о недовложении товара образец. Акт о списании товаров. Форма ТОРГ- 1. Для акта о списании товаров необходимы подписи всех. Условия продажи товаров в интернет-магазине Амиталь для физических лиц. Скачать образец. Форма ТОРГ- 2. Как заполнить акт о расхождении (недостаче товаров)? Акт о расхождении. Акт о факте недостачи (недовложения) документов в письме гражданина, адресованном главе.

Диоттекпен қыздырғанда реакцияласып оксид (Ме2О5) түзеді, кіші валентті оксидтері де ( Ме2О4, Ме2О3, Ме2О2) белгілі. Галогендермен де қыздырғанда реакцияласып VF5-түссіз кристалдық зат түзеді, Nb мен Ta ұшқыш галогенидтер түзеді.

Галогенидтері гидролизденгіш: NbCl5+4H2O→ H3NbO4+5HCl Ванадий топшасы металдарымен сутек тікелей реакцияласпай, металдардың бойына көп мөлшерде сіңіп кетеді. Бірақ сутек осы сіңіп еруде көп жылу бөліп шығарады, демек ол химиялық қосылыс түзгендігінің белгісі. Азотпен 1000-1100ºС жоғары құрамы MeN типтес нитридтер түзіледі. Таза нитридті термиялық диссоциацияланған аммиак буында алуға болады: V2O2+3H2+N2→2VN+2H2O+H2↑ 2NH3 бұл нитридтер, қатты, балқуы қиын тұрақты қосылыстар Nb2N, NbN «патша сұйығында» да айрылмайды. Ванадий, ниобий және тантал балқыған күйде көмірсутекпен тікелей әрекеттесуінен карбидтер түзіледі: V5C, V2C, V4C3 және VC, Nb2C, NbC, Ta2C, TaC.

Карбидтер электр өткізгіш заттар, өздері басқа металдарда ериді. Кремниймен де балқыған күйде реакцияласып, силицидтер MeSi2 түзеді.

Шпаргалки По Аналитической Химии Скачать Бесплатно

Бұлар қатты, балқуы қиынотқа берік заттар өндірісінде үлкен роль атқарады. Химиялық өте тұрақты заттар. Борид, сульфид, фосфид қосылыстары да бар.

Шпаргалки По Аналитической Химии

Сумен бұл металдар, қорғауыш қабыршағы болғандықтан реакцияласпайды. Қышқылдарға қатынасына келсек, азот қышқылында ванадий тотығады. 3V+5HNO3→3HVO3+5NO↑+H2O осы реакциямен қатар V+3H2SO4 → (VO)SO4+2SO2↑+3H2O V+6HNO3 → (VO2)NO3+5NO2↑+3H2O жүруі мүмкін. Nb мен Ta «патша сұйығында», не HF HNO3-те ериді: 3Nb+5HNO3(HF) → 3HNbO3+5NO↑+H2O Осымен қабат: 3Nb+5HNO3+21HF→3H2NbF7+ 5NO↑+10H2O Ванадий «патша сұйығында» ериді: 3V+4HNO3+12HC→3VCl4+4NO↑+8H2O Ванадий (IV) тетрахлориді – қызыл-қоңыр түсті полюссіз сұйықтық, сумен жартылай ванадий дихлоридіне дейін гидролизденеді. Сілті ерітінділерімен V, Nb, Ta реакцияласпайды.

Шпаргалку По Аналитической Химии

Балқыған сілтілерде, бетіндегі оксид қабыршақтарда реакцияласу есебінен, металдар біртіндеп күйрейді: Me2O5+2KOH→2KMeO3+H2O Диоттек қатынасында былай реакцияласады: 4Me+5O2+12KOH → 4K3 Э O4+6H2O 58. Титан топшасы. Титан топшасына титан, цирконий, гафний және курчатовий элементтері жатады. Бұл металдар көптен-ақ белгілі, жер қыртысындағы мөлшері, айталық йод пен сүрмеден көбірек, ал титан көміртектен көп, бірақ олардай игеріліп, іс жүзінде қолданылуы кем, өйткені бұлар бытырыңқы кездеседі және алу тәсілдері қиын. Бұлардың сыртындағы s² электрондары мен ішкі d² электрондары валенттік байланыс түзуге қатынасады, сондықтан бұлар оң төрт валенттік көрсетеді; теріс валентті болмайды. Ең сыртқы қабатта 2 ғана электрон болғандықтан, бұлар германий топшасындағы металдарға қарағанда, негіздік (металдық) қасиеті күштірек, әрі топ бойында, жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі, мысалы Ti(OH)4 амфотерлі, ал Hf(OH)4–тің негіздік қасиеті әлдеқайда басым.

Шпаргалку По Аналитической Химии

Мұның үшеуі де болатқа ұқсас сұр металл, механикалық өңдеуге икемді, балқу температуралары жоғары. Үшеуі де ауада, суда өзгермейді.

Шпаргалки К Экзамену По Аналитической Химии

Бұл элементтерде металдық, яғни тотықсыздандырғыш қасиеттері болады. Кәдімгі жағдайда тұрақты, ең агрессивті ортаның өзінде коррозияға ұшырамайды. Балқу температураларына жеткізе қатты қыздырғанда химиялық белсенділігі бірден өседі. Бұл жағдайда галогендермен әрекеттесіп, тетрагалогенидтер түзеді: Ti+2Cl2=TiCl4 (тетрахлорид титан (V)) Диоттекпен титан 1200º-1300º С, цирконий 600º-700ºС қосылады: 2Zr+O2=ZrO2 Оксидтерінің амфотерлі қасиеті бар. Титан топшасының элементтері температура әсерінен күкіртпен, азотпен және көміртекпен әрекеттесіп сульфид, нитрид (MeN) және карбид (MeC) түзеді. Соңғы екеуі өте қатты (TiN-қаттылығы алмаздай) және қиын балқитын қосылыстар (3000ºС). Титан топшасының металдары салқын суға әсер етпейді, қайнап тұрған судан сутекті ығыстырып шығарады.

Me+H2O=Me(OH)4+2H2↑ Түзілген гидроксид металдың бетін қаптап, реакцияның ары қарай жүруіне кедергі жасайды. Тотықтырғыш емес қышқылдардан титан сутекті ығыстырады: үш металдың барлығы да фторсутек қышқылымен әрекеттеседі.